Последние новости
«Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 224 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын төлеуді жұмыс беруші ұсынған мәліметтердің негізінде «Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығы» (әрі қарай-ЕМО), «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (әрі қарай-ААҮ) арқылы жүзеге асырылады.
Сол себептен, есепті ай аяқталғанға дейін 5 жұмыс күні (әр айдың 25-не дейін) бұрын жұмыс орындарында жұмыс істейтін адамдар туралы мәліметтерді (табель) уақытылы жіберулеріңізді сұраймыз.
Көрсетілген мерзімнен кейін (ағымдағы айдың 25-күніне дейін) жұмыс орындарында жұмыс істейтін адамдар туралы мәліметтерді (табель) уақытылы ұсынбаған жағдайда, еңбекақы төлемі жүргізілмей қалу мүмкіндігі болады. Төлем ААҮ арқылы жүзеге асырылатындықтан, кідіріссіз және ЕМО-на мәліметтерді (табельді) уақтылы ұсынуды сұраймыз.
САНАТ БОЙЫНША БОС ЖҰМЫС ОРЫН
МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН
СУБСИДИЯЛАНҒАН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ
Жастар тәжірибесі
Жастар тәжірибесі – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсіп (мамандық) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі.
Жастар практикасының ұзақтығы 12 айдан аспайды, айына жалақы мөлшері 30 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) кем емес.
Тіркелген 35 жасқа дейінгі жұмыссыздар оқуды аяқтағаннан кейін 5 жыл ішінде жастар тәжірибесіне жіберіледі.
Әлеуметтік жұмыс орындары
Бұл жұмыс беруші мен мансап орталығы бірлесіп құратын уақытша жұмыс орны.
Жұмыс талаптарын жұмыс беруші орнатады.
Ұзақтығы: 12 айдан аспайды
Жалақы: жұмыс беруші орнатады (жалақының 35%-ын мемлекет, 65%-ын – жұмыс беруші төлейді)
Жастар тәжірибесі
Жастар тәжірибесі – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсіп (мамандық) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі.
Жастар практикасының ұзақтығы 12 айдан аспайды, айына жалақы мөлшері 30 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) кем емес.
Тіркелген 35 жасқа дейінгі жұмыссыздар оқуды аяқтағаннан кейін 5 жыл ішінде жастар тәжірибесіне жіберіледі.
Алғашқы жұмыс орны
Бұл алғашқы жұмыс орнында кәсіби білім мен дағдыларды алуға арналған жұмыс.
Кәсіби білімі мен жұмыс тәжірибесі жоқ 35 жастан аспаған жастарға арналған.
Алғашқы жұмыс орны аяқталғаннан соң жұмыссызға 12 ай мерзімге тұрақты жұмыс орны беріледі.
Ұзақтығы: 30 айдан аспайды (оның 18 айы Мансап орталығы арқылы төленеді)
Жалақы: 30 АЕК
Күміс жас
Бұл жұмыс беруші мансап орталығымен бірлесіп зейнеткерлік жасқа толмаған, 50 жастан асқан адамдар үшін құрған жұмыс орны.
Күміс жас аяқталғаннан соң жұмыссызға зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмыс орны беріледі.
Жұмыс талаптарын жұмыс беруші орнатады.
Ұзақтығы: 36 айдан аспайды
Жалақы: жұмыс берушімен белгіленеді және төленеді, бұл ретте 30 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспайтындай мемлекет алғашқы 12 айда - жалақының 70%-ын; 13 айдан 24 айға дейін - жалақының 65% -ын; 25 айдан 36 айға дейін - жалақының 60% - ын төлейді.
Қоғамдық жұмыстарға қатысу үшін кәсіби білім қажет емес.
Ұзақтығы:12 айдан аспайды
Жалақы: 24 АЕК-тен төмен емес (Алматы қаласында 30 АЕК)
Қоғамдық жұмыстарға қатысуға құқығы бар:
1) жұмыссыздар
2) оқудан бос уақытта, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарда студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары;
3) тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар.
Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсіз себептермен өз еркімен тоқтатқан жұмыссыздар жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады және жұмыссыздар ретінде қайта тіркелген күннен бастап үш ай өткен соң ғана қоғамдық жұмыстарға қайта жіберіледі.
Жұмыс беруші Еңбек кодексінің 33-бабына сәйкес қоғамдық жұмыстарға қабылданған үміткермен еңбек шартын жасасады. Жұмыс беруші қоғамдық жұмыстарға қатысатын адаммен еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы ақпаратты Еңбек кодексінде көзделген тәртіппен еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізеді.
Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамның еңбек қызметі кезеңі оның еңбек өтіліне есептеледі.
Қоғамдық жұмыстарға қатысатын азаматтардың еңбегіне ақы төлеуді Мансап орталығы ай сайын жүргізеді.