Жұмыс берушілердегі жұмыс орнында кәсіптік оқыту.
Жұмыс берушілерде жұмыс орнында кәсіптік оқыту (бұдан әрі-оқыту) жұмыс берушілер базасында ұйымдастырылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жұмыс істеп тұрған заңды тұлға немесе дара кәсіпкер мәртебесінің болуы;
2) Жарғыда кадрларды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі норманың (Ереженің) болуы;
3) бір жылдан астам қызметті жүзеге асыру;
4) салықтар, жарналар және аударымдар бойынша мерзімі өткен берешек болмаған;
5) материалдық-техникалық базаның болуы;
6) өндірісте кемінде бір жыл кәсіби практикалық жұмыс тәжірибесі бар білікті қызметкерлердің болуы;
7) жұмысшы біліктіліктері бойынша кадрлар даярлаудың жеке бағдарламасының болуы;
8) оқудан өткен адамдардың жұмысқа орналасу деңгейі (өтінім беру сәтінде) кемінде 60%-ды құрайды.
1. Жұмыс берушілерде жұмыс орнында кәсіптік оқыту бағдарламаларына қатысуға Қазақстан Республикасының азаматтары мен жұмыссыздар қатарындағы қандастар құқылы.
2. Жұмыс берушілерде жұмыс орнында кәсіптік оқыту оқыту кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды қамтиды.
Оқуға қатысуға ниет білдірген үміткерлер келесі құжаттарды қоса бере отырып, мансап орталығына өтініш береді:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2)Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);
3) білімі туралы құжаттар (аттестат, куәлік, диплом), оқудан өткенін растайтын құжаттар (куәлік, сертификат) болған жағдайда;
4) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысанға сәйкес денсаулық жағдайы туралы анықтаманың көшірмесі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген). * Оқуға қабылданғаннан кейін беріледі.
Айына жалақы мөлшері салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды, банктік қызметтерді және экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда 20 (жиырма) АЕК құрайды.
Мамандықтар тізімі:
· Пішуші.
· Кондитер.
· Наубайшы.
· Шаштараз, шаш әрлеуші.
· Тырнақ қызметінің шебері.
· Бет әрлеуші.
· Массажист (медициналық емес).
· Есепші.
· Аспаз.
· Тігінші.
· Автоэлектрик.