Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 109-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және "мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және кәсіптік оқытуды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібін айқындайды.
1.Кәсіптік оқыту бағдарламаларына Қазақстан Республикасының азаматтары мен жұмыссыздар қатарындағы қандастар қатысуға құқылы.
2.Кәсіптік оқыту кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды қамтиды және жүзеге асырылады:
1) Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында, білім беру қызметіне құқығы бар жұмыс берушілер жанындағы оқу орталықтарында (бұдан әрі - оқу ұйымдары) немесе жұмыс берушінің өтінімі бойынша жұмыс берушінің жұмыс орнында;
3. Кәсіптік оқытуға жолдаманы мансап орталығы береді, егер:
1) қажетті кәсіби біліктіліктің болмауына байланысты тиісті жұмысты таңдау мүмкін емес;
2) кәсіптік дағдыларға жауап беретін жұмыстың болмауына байланысты кәсіпті (мамандықты), кәсіп түрін өзгерту қажет;
3)бұрынғы кәсібі бойынша жұмысты орындау қабілеті жоғалса.
4. Оқуды дәлелсіз себеппен өз бетінше тоқтатқан адамдар жұмыссыз ретінде қайта тіркелген күннен бастап бір күнтізбелік жыл өткен соң оқуға қайта жіберілуі мүмкін, бірақ бір реттен артық емес.
Оқу мерзімі 3 айға созылады.
Оқу үшін сізге қажет:
1. Жұмыссыз ретінде тіркелу.
2. Кәсіптік бағдар беру тестілеуінен өту.
3. Ұсынылған тізімнен қажетті мамандықты таңданыз.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------
· Бет әрлеуші.
· Шаштараз маманы.
· Тырнақ қызметінің шебері.
· Тігінші.
· Офис-Менеджері.
· Тәрбиешінің көмекшісі.
· Аспаз.
· Наубайшы.
· Кондитер.
· Электр және газбен дәнекерлеуші.
· Автокөлік жөндеу слесары.
Өтініш беру үшін Достық, 85 мекенжайына жүгіну қажет. 2 қабат 36 – 37 терезе.