Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы жұмыс орындары
Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған арнайы жұмыс орындары – мүгедектің жеке мүмкіндіктерін ескере отырып жабдықталған жұмыс орындары (бұдан әрі – арнайы жұмыс орындары).
Арнайы жұмыс орындарында жұмыс істейтін адамдардың жалақысын субсидиялаудың айлық мөлшері:
1) жұмыс істеген алғашқы 12 айда – республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының 70 пайызы, бірақ 30 айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) аспайтын мөлшерде;
2) жұмыс істеген айдың 13-і мен 24-ін қоса алғанда – республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының 65%-ы, бірақ 30 АЕК-тен аспайтын мөлшерде;
3) жұмыс істеген айдың 25-нен 36-сын қоса алғанда – республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының 60 пайызы, бірақ 30 АЕК-тен аспайтын мөлшерде;