Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері:
* зейнет жасындағы адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;
* зейнет жасындағы азаматтарды жұмыспен қамту аясын кеңейту;
* зейнеткерлердің кәсіби тәжірибесін тиімді пайдаланып, оны жас мамандарға жеткізу.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
* Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнет жасына жеткен тұлғалар;
* Алматы қаласында тұратын және тіркелген азаматтар.
Қатысу мерзімі:
* 2026 жылдың соңына дейін (Бағдарламаны іске асыру мерзімі шегінде).
Субсидия мөлшері:
* белгіленген жалақының 50%-ы, бірақ 1 ең төменгі жалақыдан аспайды (2026 жылға — 85 000 теңге).
Жұмыс берушілерге қойылатын талаптар:
Бағдарламаға меншік нысанына қарамастан Алматы қаласының жұмыс берушілері келесі талаптарға сәйкес болған жағдайда қатыса алады:
* салық және әлеуметтік аударымдарды тұрақты түрде төлеу;
* жалақы бойынша мерзімі өткен қарыздың болмауы;
* кемінде бір жыл қызмет атқаруы;
* субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін қажетті нақты мәліметтерді ұсыну;
* жұмыспен қамту бағдарламалары аясында бұрын жасалған шарттар бойынша міндеттемелерді орындау.
Шектеулер:
Жұмыс берушілердің өтінімдері келесі жағдайларда Электрондық еңбек биржасы арқылы кері қайтарылады:
* мемлекеттік сатып алулар аясында инфрақұрылымдық жобалар бойынша жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету кезінде;
* мемлекеттік білім беру тапсырысы болған жағдайда.
Еңбекақы төлеу:
* жұмыс беруші есебінен белгіленген жалақының кемінде 50%-ы мөлшерінде төленеді.
Өтінім беру тәртібі:
* мекенжайы: Алматы қ., Достық даңғылы, 85, Карьера орталығы;
* электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..







