Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар (бұдан әрі – гранттар) конкурстық негізде әлеуметтік осал топтар санатына жататын адамдарға (атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көпбалалы адамдар, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар, қоныс аударушылар, қандастар, мүгедектігі бар адамдар және бала мүгедегін тәрбиелеп отырған адамдар) беріледі. Грант көлемі 400 айлық есептік көрсеткішке дейін (1 572 800 теңге) құрайды.
Алматы қаласы бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 21 мамыр мен 3 маусым аралығында жүргізілді. Бірінші лекке 179 гранттық орын бөлінді.
21 мамыр мен 3 маусым аралығында өткен бірінші лек шеңберінде business.enbek.kz порталына 541 өтінім түсті.
Бірінші лек аясындағы өтінімдерді қарау жөніндегі комиссия отырысы 3 маусым мен 18 маусым аралығында өтті. Комиссия отырысы аяқталғаннан кейін, 18 маусымда комиссия шешімі «Еңбек нарығы» ААЖ жүйесіне Карьерлік орталық қызметкерлері тарапынан отырыс хаттамасына сәйкес енгізілді.
Комиссия шешімімен жалпы 179 грант мақұлданды (оның ішінде 77 – жұмыссыздар, 102 – жеке кәсіпкерлер). Бизнес-жобалар бағыттары бойынша бөлінісі келесідей:
- Тігін цехы, ателье – 36 грант;
- Нан-тоқаш және аспаздық өнімдер – 24 грант;
- Дайын тағамдар мен жартылай фабрикаттар өндірісі – 22 грант;
- Балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру – 17 грант;
- Мейрамхана және азық-түлік жеткізу қызметтері – 16 грант;
- Сұлулық салоны (шаштараз, косметологиялық қызметтер), массаж – 9 грант;
- Химиялық тазалау/тазалау қызметтері – 9 грант;
- Шығармашылық – 6 грант;
- Баспа ісі және компьютерлік қызметтер – 5 грант;
- Жиһаз өндіру – 5 грант;
- Сыйлық шамдар мен гипстен жасалған бұйымдар өндірісі – 5 грант;
- СТО (дөңгелек жөндеу, автокөлік жөндеу қызметтері) – 4 грант;
- Анимациялық бейнероликтер, видеомонтаж – 4 грант;
- Дәнекерлеу жұмыстары – 4 грант;
- Құрылыс – 4 грант;
- Сүт өнімдерін өндіру – 4 грант;
- Туризм – 3 грант;
- Пластикалық терезелер, жууға арналған бетоннан жасалған бұйымдар өндірісі – 1 грант;
- Медицина саласындағы қызмет – 1 грант.
Комиссия шешімі business.enbek.kz порталындағы үміткерлердің жеке кабинетіне жолданды. Комиссия шешімі бойынша толық ақпарат алу үшін үміткерлер Алматы қаласы, Достық даңғылы, 85 үй, 2-қабат мекенжайында орналасқан Еңбек мобильділігі орталығына жүгіне алады.







