Пн-Пт: 08:30 - 18:00

2026 жылғы 24 маусымнан бастап жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған өтеусіз гранттарға өтінімдер қабылдау басталады

Previous Next

Халықтың әлеуметтік осал санаттары арасында кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында 2026 жылғы 24 маусым мен 8 шілде аралығында Business.enbek.kz порталында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алуға өтінім қабылдау жүргізіледі.

Алматы қаласы бойынша бірінші лек аясында 190 грант беру жоспарлануда.Грант мөлшері 400 айлық есептік көрсеткішті немесе 1 730 000 теңгені құрайды. Мемлекеттік қолдау қайтарымсыз негізде көрсетіліп, кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа табыс көздерін қалыптастыруға және азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған.

Грант бір рет қана беріледі және оны әр азамат тек бір мәрте ала алады.
Конкурсқа жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуден өткеніне бір жылдан аспаған жеке кәсіпкерлер қатыса алады.
Бұл ретте үміткерлер келесі әлеуметтік санаттардың біріне жатуы тиіс: мүгедектігі бар адамдар; қолданыстағы «қандас» мәртебесі бар азаматтар; өңіраралық қоныс аударушылар; мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар; көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны алушылар және (немесе) олардың жұбайлары; мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған тұлғалар және (немесе) олардың жұбайлары; асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.

Конкурсқа қатысудың міндетті талаптарының бірі – өтінім берген күнге дейінгі соңғы үш жыл ішінде алынған «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту сертификатының болуы.

Үміткерлерді іріктеуді ұсынылған бизнес-жобалар негізінде конкурстық комиссиялар жүзеге асырады. Өтінімдерді қарау барысында бизнес-идеяның өміршеңдігі мен даму перспективасы, жобаның қаржылық негізділігі және жаңа жұмыс орындарын құру әлеуеті бағаланады.

Өтінім беру толықтай электрондық форматта Business.enbek.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. Қатысу үшін порталға тіркеліп, өтінім нысанын толтыру, бизнес-жоспарды жүктеу және құжаттарға электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қою қажет.

Әрбір азамат бұл грантты тек бір рет қана ала алады. Сонымен қатар грант алғаннан кейін 18 ай ішінде кемінде бір жаңа жұмыс орнын құруға міндетті.
Гранттарды беру тәртібімен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №272 бұйрығымен бекітілген Кәсіпкерлік бастаманы қолдау шараларын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларынан таныса аласыз (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2026 жылғы 28 мамырдағы №207 бұйрығына сәйкес енгізілген өзгерістермен).

Толығырақ ақпарат алу үшін:
Телефон: +7 727 339 78 58
(ішкі нөмірлер: 273, 280)
Ұялы телефон: 8 700 648 82 31
Сайт: https://ctm-almaty.kz/

Өтінім қабылдау 2026 жылғы 24 маусым мен 8 шілдені қоса алғанға дейін жалғасады.

Контакты

050000, г. Алматы,
пр.Достык, 85
+7 (727) 339-78-58
info@ctm-almaty.kz
Пн-Пт: 08:30 - 18:00
Обед: 12:30 - 14:00
CTM
Записаться на прием

Искренне рад приветствовать Вас на нашем сайте

Искренне рад приветствовать Вас на нашем сайте