БҰЙРЫҚ Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдардың жалақысының мөлшерін жергілікті қаражат есебінен белгілеу туралы

БҰЙРЫҚ Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдардың жалақысының мөлшерін жергілікті қаражат есебінен белгілеу туралы

«АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

 

КОММУНАЛЬНОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «УПРАВЛЕНИЕ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА АЛМАТЫ»

 

БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ

05.07.2023 ж_______________ _53______________________ Алматы қаласы город Алматы

Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдардың жалақысының мөлшерін жергілікті қаражат есебінен белгілеу туралы

1. Қазақстан Республикасы 2023 жылғы 20 сәуірдегі Әлеуметтік кодексінің 111-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы
15 маусымдағы № 476 «Субсидияланатын жұмыс орындарының, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын адамдарға қойылатын талаптардың, олардың жалақысын субсидиялау мөлшерлері мен мерзімдерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы
30 маусымдағы № 275 «Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдардың жалақысының мөлшерін жергілікті бюджет қаражаты есебінен республикалық бюджет туралы заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айына 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып).

2. Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының еңбек нарығын дамыту бөлімі және Алматы қаласы Еңбек мобильділігі орталығы осы бұйрықты Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының және Алматы қаласы Еңбек мобильділігі орталығының ресми интернет-ресурстарында жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жұмыспен қамту мәселелері бойынша жетекшілік ететін Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасарына және «Алматы қаласы Еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорына жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

 

Басшы Б. Жаубасов

Записаться на прием

Искренне рад приветствовать Вас на нашем сайте

Искренне рад приветствовать Вас на нашем сайте