Алматыда Жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтті

Алматыда Жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтті

13 қыркүйекте Алматы қаласында "Арбатта" (Жібек Жолы – Панфилов) "Сәтті қадам" атты жалпықалалық Бос орындар жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкені Алматы қаласы әкімдігінің техникалық қолдауымен Алматы қаласы Еңбек мобильділігі орталығы ұйымдастырды.
Жәрмеңкенің мақсаты - жастар мен оқу орындарының түлектеріне, жұмыс іздеушілер үшін жұмыс орындарының қолжетімділігін кеңейту болып табылады. Сондай-ақ жұмыс берушілер үшін қолайлы кандидаттарды тарту арқылы жалдау процесін жеңілдету және жұмыс іздеушілерге олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.
Жәрмеңке жастар үшін қалаған саладағы бос жұмыс орындары нарығын зерттеуге және бір жерде бірнеше жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатуға тамаша мүмкіндік. Бос орындар жәрмеңкесіне бару уақытты үнемдейді және жұмысқа орналасу процесін жеңілдетеді.
Сондай-ақ, бүгінгі іс-шараға азаматтардың жекелеген санаттарынан шыққан адамдар, мүгедектер, пробация қызметінде есепте тұрған адамдар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, сондай-ақ алимент бойынша борышкерлер болып табылатын адамдар қатысып, жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. Өз кезегінде жәрмеңкеге азаматтардың жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарын құру бойынша квоталары бар жұмыс берушілер шақырылды.
Жәрмеңкеге 160-тан астам жұмыс беруші қатысып, өнеркәсіп, өндіріс, сауда желілері, тамақтану, медицина, фармацевтика, білім беру салаларында 2500-ден астам бос жұмыс орындарын ұсынды. 5000-нан астам ізденуші қатысып, кеңес алды, соның ішінде 1000-нан астам ізденуші жұмысқа орналасуға жолдама алды.

Записаться на прием

Искренне рад приветствовать Вас на нашем сайте

Искренне рад приветствовать Вас на нашем сайте