"Алматы қаласы Еңбек мобильділігі орталығы" КММ директоры болып Жиенқұлов Айхын Нұрхатұлы тағайындалды

"Алматы қаласы Еңбек мобильділігі орталығы" КММ директоры болып Жиенқұлов Айхын Нұрхатұлы тағайындалды

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының бұйрығымен
«Алматы қаласы Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры қызметіне Жиенқұлов Айхын Нұрхатұлы тағайындалды.
Айхын Нұрхатұлы 1988 жылғы 21 қарашада дүниеге келген және еңбек жолын 2007 жылы бастаған. Ол әділет органдарында, Халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО), орталық мемлекеттік органдарда және жергілікті атқарушы органдарда сараптамалық және басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
Әр жылдары Қазақстан Республикасының түрлі министрліктері мен агенттіктерінде маңызды міндеттерді атқарды:
Өңірлік даму министрлігі;
Ұлттық экономика министрлігі;
Ауыл шаруашылығы министрлігі;
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі.
Сонымен қатар, ол келесі басшылық қызметтерді атқарды:
2019-2020 ж. ж. - Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімінің орынбасары;
2020-2021 ж. ж. - Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы басшысының орынбасарының міндетін атқарушы;
2021-2023 ж. ж. - Ұлттық экономика министрлігі мен стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі жүйесіндегі басшылық лауазымдар;
2023-2026 ж. ж. - Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары.

Записаться на прием

Искренне рад приветствовать Вас на нашем сайте

Искренне рад приветствовать Вас на нашем сайте