Атаулы әлеуметтік көмек

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

 

Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 1 шiлдедегi «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің» 127 бабының, 11 тарауына сәйкес,   Атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК)  жан басына шаққандағы орташа кірісі кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын қандастарға, босқындарға, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.

Кедейлік шегін тоқсан сайын жергілікті атқарушы органдар ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшерінде есептейді. Алматы қаласы бойынша 2024 жылдың 3 тоқсанында кедейлік шегі 37 122,4 теңгені құрайды.

АӘК-ке үміткер адамдар кеңестер алу үшін және мемлекеттік қызметтерді алу үшін тұрғылықты мекен-жайы  бойынша Мансап орталығының қызметкерлеріне жүгіне алады немесе ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбаны аштырып) "электрондық үкімет" порталы (ЭҮП) арқылы онлайн өтініш бере алады.

Мемлекеттік қызмет толық автоматтандырылған және цифрландырылған. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексінің 11-тарауының 123-бабына сәйкес, өтініш беруші тоқсан сайын атаулы әлеуметтік көмек алу құқығын растайды.

Адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегі арасындағы айырмашылық түрінде отбасының әрбір мүшесіне есептей отырып төленеді.

Атаулы әлеуметтік көмек шартсыз ақшалай көмек немесе шартты ақшалай көмек түрінде тағайындалады.

Шартсыз ақшалай көмек:

  • Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын кірісі аз адамдарға:
  • осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына;
  • бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне;
  • екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты;
  • Құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе еңбекке қабілетті жалғыз мүшесі үш жасқа дейінгі балаға, мүгедектігі бар балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамға, бөгденің күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын кірісі аз отбасыларға көрсетіледі.

Шартты ақшалай көмек жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын кірісі аз еңбекке қабілетті адамдарға, сондай-ақ отбасы құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар кірісі аз отбасыларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысқан жағдайда және (немесе) қажет болғанда әлеуметтік бейімдеу кезінде көрсетіледі.

Әлеуметтік келісімшарт жасасу шартты ақшалай көмек тағайындаудың міндетті талабы болып табылады.

Әлеуметтік келісімшарттың, жеке көмек көрсету жоспарының нысандарын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.

Шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісім-шарт кірісі аз адам (отбасы) әлеуметтік келісімшарттың талаптарын және жеке жоспардың іс-шараларын, оның ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу және жұмысқа орналастыру жөніндегі іс-шараларды толық көлемде орындамаған, сондай-ақ шартты ақшалай көмекті заңсыз тағайындауға және (немесе) төлеуге алып келген жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар ұсынылған кезде бұзылады.

       Әлеуметтік келісімшартты бұзу адамға (отбасына) шартты ақшалай көмектің төленуін тоқтатуға негіз болып табылады.

Посмотреть инструкцию

 

  Районы Адрес
1 Алатауский мкр. "Нұркент", д.5, блок 18
2 Алмалинский пр. Сейфуллина 577, кабинет № 11
3 Ауэзовский 3 мкр, д. 41 В, кабинет № 211, 212
4 Бостандыкский ул. Жандосова 2, кабинет № 126
5 Жетысуский мкр. Кулагер, ул. Серикова 6 А, 2 этаж
6 Медеуский ул.Толе би 12, кабинет № 19, 20
7 Наурызбайский мкр. "Шуғыла", в здании акимата, кабинет №206
8 Турксибский ул.Р.Зорге 18, кабинет № 210, 205

 

Записаться на прием

Искренне рад приветствовать Вас на нашем сайте

Искренне рад приветствовать Вас на нашем сайте