Орталық туралы

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес келтіру мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің 20.06.2023 ж. No 2/353 «Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы» қаулысымен «Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауын Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Алматы қаласы Еңбек мобильдігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне өзгерту туралы шешім қабылдады (ары қарай - Еңбек мобильдігі орталығы).

Еңбек мобильдігі орталығының құрылтайшысы Алматы қаласының әкімдігі болып табылады.

«Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ Еңбек мобильдігі орталығына қатысты уәкілетті орган болып табылады.

Заңды мекенжайы: 050021, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Достық даңғылы, 85.

Мемлекеттік қайта тіркеу күні – 2023 жылдың 22 маусымы.

Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 20 маусымдағы №2/353 қаулысымен бекітілген Жарғыға сәйкес, Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Алматы қаласы Еңбек мобильдігі орталығы» мемлекеттік мекемесі Алматы қаласының аумағында Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын әзірлеу және іске асыру мақсатында мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 20-бабына сәйкес Еңбек мобильдігі орталығы өз функцияларын филиалдар түріндегі Мансап орталықтары арқылы жүзеге асырады. Мансап орталықтары фронт-офис ретінде қызмет етеді және жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге көрсетілетін қызмет сапасына назар аударады.

Записаться на прием

Искренне рад приветствовать Вас на нашем сайте

Искренне рад приветствовать Вас на нашем сайте