Последние новости
«Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 224 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын төлеуді жұмыс беруші ұсынған мәліметтердің негізінде «Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығы» (әрі қарай-ЕМО), «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (әрі қарай-ААҮ) арқылы жүзеге асырылады.
Сол себептен, есепті ай аяқталғанға дейін 5 жұмыс күні (әр айдың 25-не дейін) бұрын жұмыс орындарында жұмыс істейтін адамдар туралы мәліметтерді (табель) уақытылы жіберулеріңізді сұраймыз.
Көрсетілген мерзімнен кейін (ағымдағы айдың 25-күніне дейін) жұмыс орындарында жұмыс істейтін адамдар туралы мәліметтерді (табель) уақытылы ұсынбаған жағдайда, еңбекақы төлемі жүргізілмей қалу мүмкіндігі болады. Төлем ААҮ арқылы жүзеге асырылатындықтан, кідіріссіз және ЕМО-на мәліметтерді (табельді) уақтылы ұсынуды сұраймыз.