Өңіраралық қоныс аудару «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» бағдарламасы бойынша 5 сәуір Ашық есік күні өтеді

Өңіраралық қоныс аудару «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» бағдарламасы бойынша 5 сәуір Ашық есік күні өтеді

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері»

Алматы қаласының еңбек мобильділігі орталығында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы аясында 2024 жылғы 5 сәуір күні Солтүстік Қазақстан облысының Есіл, Тимирязев, Қызылжар, Ғабит Мүсірепов аудандарына қоныс аудару бойынша Ашық есік күні өтеді.
Бұл бағдарламаның мақсаты – базалық қызметтерге халықтың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсарту және тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай-ақ көліктік байланысты қамтамасыз ету және елдің көліктік-транзиттік әлеуетін жоғарылату есебінен азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құру

Қоныс аудару кезінде азаматтарға:
• Тұрғын үй сатып алуға сертификат – 4 млн теңгеге дейін беріледі
• Отбасының әрбір мүшесіне берілетін субсидия – 70 АЕК (258 440 теңге)
• Тұрғын үй жалдау ақысын төлеу – 1 жылға дейін
• Қайтарымсыз гранттар – 400 АЕК (1 476 800 теңге)
• Тұрақты жұмыс табуға көмектесу.

Толық ақпарат алу үшін Достық 85 мекен-жайы бойынша жүгінсеңіз болады

Записаться на прием

Искренне рад приветствовать Вас на нашем сайте

Искренне рад приветствовать Вас на нашем сайте